«Қазақтүрікмұнай» ЖШС: жаңа жетістіктерге сенімді ұмтылыс
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС өте бай қазақ жерінің қойнауындағы құнды шикізатты халық игілігі үшін өндіретін отандық өндіріс саласында экономиканың даму ісіне өзінің маңызды үлесін қосып отырған кәсіпорындардың бірі болып табылады. Кәсіпорынның іргесі еліміз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қаланды, және өндіріс саласында Қазақстанның экономикалық дамуы және жаңа жетістіктерге жету жолындағы үлгілі кәсіпорындарының бірі болды десек артық емес. Қысқа мерзімде кәсіпорын өз аяғына тұрып даму жолында сенімді түрде алға жылжып келеді. Бұл бізді қатты қуантады және жүрекке сенім ұялатады.
ҚР Президенті «Мұнай – ҚР экономикасының локомотиві» деп атап өтті және бұл шындық, біздің қызметтің басты стратегиясы ҚР экономикасына үлес қосуға, тиімді жобаларды іске асыруға, еліміздің жалпы мүдделері үшін қызмет жасауға бағытталған.
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ның 100% үлесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға тиесілі.