Әлеуметтік жауапкершілік – компания дамуының стратегиялық бағытының бірі
Әлеуметтік жауапкершілік ҚТМ дамуының бастапқылық бағыттарының бірі болып табылады. Компаниямен ерекше назар әлеуметтік-еңбек қатынастарына, біліктілікті арттыру, кадрды қайта даярлау және еңбекті қорғау және қауіпсіздік техника мәселелеріне аударылады.
Жыл сайын компаниямен біліктілікті арттыруға және жұмыскерлерді қайта даярлауға қомақты қаржы бөлінеді. Соңғы бес жылда осы мақсатқа 177 528 423 теңге бөлінді, бұған 2 567 жұмыскер қайта оқытылып біліктіліктері арттылды.
ҚТМ өзінің меншік қаражаты есебінен вахта әдісімен жұмыс істейтін жұмыскерлерін қамтамасыз етеді:
ҚТМ кен орындарында нормативтік талаптарға сәйкес жұмыскерлерді тұрмыстық жағдайлармен қамту үшін жабдықталған вахта ауылдары бар.
Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау көрсету ережесіне және 2018-2020 жылдарға арналған «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Жұмыс берушісі және Жұмыскерлері арасында қол қойылған Ұжымдық шарттың 9-тарауына сәйкес компания өзінің қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың келесі түрлерімен қамтамасыз етеді:
1) Материалдық көмек:
2) Әлеуметтік жәрдемақы және өтемақы:
3) Әлеуметтік кепілдіктер:
ҚТМ жұмыскердің өтініші негізінде еңбекасы сақталатын демалысты үш күнтізбелік күнге немесе еңбекасы сақталмайтын демалысты бес күнтізбелік күнге ұсынады:
Білім беру ұйымдарында оқитын қызметкерлерге сынақтар мен емтихандарды тапсыру, зертханалық жұмыстар орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау үшін, іскери-оқытылған резерві дайындығының бағдарламасын өту үшін және оқу орнынан берілген құжатқа сәйкес дипломдық жобаны қорғау үшін орташа еңбекасы сақталатын оқу демалыстары ұсынылады.
Бұдан басқа, Серіктестік «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында шетелге оқуға, тығылымдамаға жолданған қызметкерлерге жұмыс орны (лауазымы) сақталатын оқу демалыстарын ұсынады. 
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС қызметкерлерінің еңбек төлемі туралы ереженің 5.9.2. тармағына сәйкес ҚТМ барлық қызметкерлеріне «Наурыз» мемлекеттік мейрамына, «Мұнайгаз кешені қызметкерлері күніне», «Тәуелсіздік күні» ұлттық мерекесіне, ҚТМ құрылғанына мерейтолық датаға орай 50 АЕК аспайтын мөлшерде сыйақы төленеді және сыйақы еңбек төлемін үнемдеу есебінен.
Қызметкерлердің барлығына, тәртіптік жазасы барлардан басқаларға, өндіріс жоспарын толық көлемде орындау нәтижесі бойынша ай сайынғы (әкімшілік-басқару персоналға) немесе тоқсандық (өндірістік персоналға) сыйақы төленеді.