Компания жетістіктері

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ның 2022 жылдағы жетстіктері.

 «2022 жылға арналған геологиялық-технологиялық іс-шараар бағдарламасына» сәйкес, жұмыстар жүзеге асырылды:

- Оңтүстік Қаратөбе-64Д, 107 және 114 ұңғымаларының бұрғылау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Серіктестіктің жұмыскерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін О.Қаратөбе кен орнында 100 адамдық, Лақтыбай кен орнында 60 адамдық вахта қалашығы салынып, қолдануға берілді.

Жылдың аяғында ұзындығы 70 шақырым кен орындары арасындағы Лақтыбай – О.Қаратөбе – Қожасай автокөлік жолының аяқталуы жоспарланып отыр.

01 қазан 2022 жылдың 01 қазан күнгі жағдай бойынша, компания мұнай өндіру жоспарын 1700 тоннаның үстінде артығымен орындап келеді.


 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ның 2021 жылдағы жетстіктері.

 «2021 жылға арналған геологиялық-технологиялық іс-шараар бағдарламасына» сәйкес, жұмыстар жүзеге асырылды:

- Оңтүстік Қаратөбе-110 ұңғымасының бұрғылау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

- Шығыс Сазтөбе-105 ұңғымасында қабатты сумен жару (ГРП) операциясы жасалды.

Оңтүстік-Шығыс Сазтөбе кен орны бойынша (3Д сейсмика) сейсмикалық материалдарды қайтадан интерпретациялау және қайтадан өңдеу жұмыстары жүргізіліп, тектоникалық ауытқулардың конфигурациясы өзгертіліп, құрылымдық беттері нақтыланды. Бұл Триас өнімді горизонтының блогының өзгеруіне себеп болды. Мұнайы бар ауданның  8,2%, кеуектілік коэффициентінің және мұнайға қанықтылық коэффициентінің 4,2% көбеюінің нәтижесінде С1 категориясы бойынша мұнайдың геологиялық қоры мөлшері 271 мың тоннаға (7,9%) көбейді. 3Д сейсмика мәліметтерінің қайтадан интерпретациялануы нәтижесінде алынған материалдар бойынша құрылымдық жоспардың нақтылануы ауданның үлкеюіне себепкер болды.

Жалпы айтқанда, Солтүстік-Шығыс Сазтөбе кен орны бойынша С1 категориясында мұнайдың геологиялық қорлары мөлшері +18,7% пайызға көбейді. Кен орны қорларының өзгеруі төмендегі жағдайларға байланысты орын алды:

- 3Д сейсмика мәліметтерінің қайтадан интерпретациялануы нәтижесінде алынған материалдардың негізінде өнімді горизонттардың геологиялық құрылымының түбегейлі өзгеруіне байланысты;

- орташа өнімді қабаттардың ауданы мен қимасының нақтылануына байланысты;

- кен орындарының флюид жүйесінің нақтылануына байланысты.

2016 - 2021 жылдар аралығында жүзеге асырылған геологиялық-техникалық іс-шаралар мен бұрғылау жұмыстарының нәтижесінде қосымша 920 мың тонна мұнай өндірілді.

Бұл кезең ішінде:

·       5 ұңғыма бұрғыланды

·       30 ұңғымаға УЭЦН сорабы түсірілді

·       27 ұңғымада қабатты сумен жару операциясы (ГРП) жасалды

Механикаландырылған мұнай өндіруші ұңғымалардың жөндеу жұмыстары арасындағы кезеңі 2016 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 572 тәуліктен 1055 тәулікке дейін (1,8 есе) артырылды.

Мұнай мен конденсаттың геологиялық қорлары мөлшері 14,3 млн тоннаға (+34%) дейін, ал өндіруге болатын қорлардың мөлшері - 5,2 млн. тоннаға (+44%) дейін көбейді! Бұл керемет нәтиже!


«Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ның 2020 жылдағы жетстіктері.

 «2020 жылға арналған геологиялық-технологиялық іс-шараар бағдарламасына» сәйкес, жұмыстар жүзеге асырылды:

- Шығыс Сазтөбе-105 ұңғымасының бұрғылау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

- Оңтүстік Қаратөбе -106 ұңғымасында ату-жару жұмыстары (ПВР) жасалды.

- Оңтүстік Қаратөбе-111 ұңғымасының бұрғылау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

- Батыс Елемес -32, 37 және 43 ұңғымаларында қабатты гидравликалық жару және УЭЦН сорабын түсіру жұмыстары жүзеге асырылды.

- Оңтүстік-Шығыс Сазтөбе -45 ұңғымасы ШГН сорабынан УЭЦН сорабына ауыстырылды.

Аталған іс-шаралардың жүзеге асырылуының арқасында 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру көлемін тағы да 23 165 мың тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік туды.

Мұнай дайындау технологиясын жақсарту мақсатында «О. Қаратөбе МДҚ-ны қайта құру» жобасы бойынша жұмыстар аяқталды. Қайта құру жұмыстарынан кейін О.Қаратөбе МДҚ-ның өнімділігі 420,48 мың м³/жылды құрайды.

3Д МОГТ сейсмикалық мәліметтерін қайта өңдеу және қайта интерпретациялау жұмыстарының нәтижесінде:

- Батыс Елемес кен орны бойынша мұнайдың геологиялық қор мөлшері 26,6% (2043,8 мың т) артып, 9723 мың тоннаны құрады. Өндіруге болатын қор мөлшері 16,7% (299,2 мың т.) артты және 2090 мың тоннаны құрады. Мұндай өзгерістер А қабатында Ю-III ауданының 250,9% артуының, мұнайға қанық таужынысы көлемінің 11,1% артуының, А қабатында Ю-III ауданының 3,9% артуының, мұнайға қанық таужынысы көлемінің 36,9% артуының және Ю-VIII горизонтындағы Б+В қабатында кеуектілік коэффициентінің 23,5% артуының арқасында жүзеге асты;

- Оңтүстік Қаратөбе кен орны бойынша мұнайдың бастапқы геологиялық қор мөлшері 11 840 мың тоннаға (74,0%), ал өндіруге болатын мұнай қоры мөлшері 4 327 мың тоннаға (85,6%) дейін көбейді. Мұнайдың геологиялық қорларының артуының басты себебі – өнімді таужыныстары көлемінің 63,2% пайызға артуы, бұл кеніш бойынша мұнайға қанық тиімді қабаттың және оның аумағының өсуіне байланысты орын алды. Су мен мұнайдың түйіскен тұстарының өзгертілуі және саздану зонасы мен тұздың шекарасының нақтылануының нәтижесінде мұнайы бар аудан 13,7% пайызға көбейді;

- Шығыс Сазтөбе кен орны бойынша Юра өнімді горизонттарының құрылымдық-тектоникалық моделі нақтыланып, Көмірсутегі шикізаты қорлары қайтадан есептелді. Жалпы кен орны бойынша, С1 категориясындағы мұнайдың геологиялық қорларының мөлшері 2726 мың тоннаны құрады және 295 мың тоннаға (12,1%) артты. С1 категориясындағы мұнай қорларының көбеюі Шығыс Сазтөбе -1, 1А, 3 ұңғымалары ауданындағы Ю-II и III горизонттарындағы кеніштердің фазалық жағдайларының өзгеруі нәтижесінде жүзеге асты.


 «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ның 2019 жылдағы жетстіктері.

 «2019 жылға арналған геологиялық-технологиялық іс-шараар бағдарламасына» сәйкес, жұмыстар жүзеге асырылды:

- Батыс Елемес -94 және 52 ұңғымаларында қабатты гидравликалық жару (ГРП) операциялары жүзеге асырылды.

- Оңтүстік Қаратөбе - 52 ұңғымасында қабатты гидравликалық жару (ГРП) операциялары жүзеге асырылды.

- Шығыс Сазтөбе – 1А ұңғымасында қабатты гидравликалық жару (ГРП) операциялары жүзеге асырылды

Бұл іс-шараларды жүзеге асырудың арқасында 2019 жылы мұнай өндіру көлемін 30 453 мың тоннаға дейін арттыруға (2018 жылмен салыстырғанда) мүмкіндік туды.


«Қазақтүрікмұнай» ЖШС-ның 2018 жылдағы жетстіктері.

«2018 жылға арналған геологиялық-технологиялық іс-шараар бағдарламасына» сәйкес, компанияның инженер-техникалық қызметтері қызметкерлері тарапынан келесі іс-шаралар енгізіліп, жүзеге асырылды:

- 01.12.2018 жылы Оңтүстік Қаратөбе -108 ұңғымасында қабатты көп деңгейлі сумен жару операциясы жүзеге асырылды.

Озат үлгідегі бұл іс-шараның енгізілуінің арқасында 01.02.2019 жылы ақ бұл ұңғымадан қосымша 1241,6 тонна мұнай өндіруге мүмкіндік туды.

-Оңтүстік Қаратөбе- 50 ұңғымасына УЭЦН сорабы түсірілді;

- Оңтүстік Қаратөбе -51  және 52 ұңғымаларында қабатты гидравликалық жару және УЭЦН сорабын түсіру жұмыстары жүзеге асырылды.

 

«Казақтүрікмұнай» ЖШС қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша Сенім сертификатының иегері болды.

«Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасы» ММ қызметкерлердің еңбек құқықтарын үлгілі сақтаушы кәсіпорын ретінде «Казақтүрікмұнай» ЖШС Сенім сертификатын тапсырды. Бұл құжат ҚТМ барлық әлеуметтік-еңбек міндеттемелері өздерінің қызметкерлері алдында орындалуын растайды және Серіктестікті үш жылға тексерістерден және ҚР еңбек заңнамасын орындау бойынша бақылаудың басқа нысандарынан босатады.

«Казақтүрікмұнай» ЖШС «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасы» ММ барлық қажет деректерді ұсынып, өз қызметкерлерінің еңбек құқықтарын сақтау бойынша жұмыс беруші ретінде өз қызметін еркін декларациялады. Серіктестікпен ұсынылған құжаттарды қарастырып, мемлекеттік еңбек инспекторлары кәсіпорын қызметкерлердің алдында өз міндеттемелерін толық орындайтынын бағалады. Өз шешімінде арнайы комиссия ұйыммен еңбек заңнамасының барлық талаптары сақталатынын ескеріп, жұмыс берушінің «шындық презумпциясын» басшылыққа алды. Содан кейін Ақтөбе облысының басқарма жетекшісінің орынбасары - мемлекеттік еңбек инспекторы Б. Уразаев ҚТМ өкілдеріне Сенім сертификатын тапсырды. Сондай-ақ, «Казақтүрікмұнай» ЖШС қызметкерлердің еңбек құқықтарын кепілді сақтаушылар тізіміне енгізілді.

Еңбек қатынастары саласында өз қызметін декларациялауға мүмкіндік тудыратын жоба Қазақстанның төрт облыстарында 2013 жылдың қыркүйегінде бастау алды. Оны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасы және Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп бастамашылық жасады. Декларациялаудың мақсаты өндірісте жазатайым оқиғалардың алдын алу, қызметкерлердің мүдделерін қорғау және персоналдың еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жұмыс берушінің жауапкершілігін арттыру болды.

2017 жылғы 06 қыркүйекте «Казақтүрікмұнай» ЖШС алғаш рет Сенім сертификатын алды және қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтаушылар тізіміне енгізілді. Бұнымен Серіктестік еркін декларациялаудан табысты өтіп, мемлекеттік органдардың сенімін ақтады. Осыған орай «Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасы» ММ үш жыл ҚТМ тексерістер мен бақылаудың басқа нысандарын жүргізбейді.

«Казақтүрікмұнай» ЖШС алынған сертификат – кәсіпорынмен ҚР еңбек заңнамасын қатаң сақтаудың нәтижесі, бұл жауапты жұмыс беруші өзінің статусын растауға мүмкіндік беруші ғана емес, сонымен бірге еңбек ресурстарын жөнсіз жұмылдырудан бас тартуға, әкімшілік кедергілерді және жұмыс берушінің басқа шығындарын алуға мүмкіндік тудырады.

«Казақтүрікмұнай» ЖШС 2017 жылға жетістіктері.

«2017 жылға арналған геолог-технологиялық іс-шаралар бағдарламасына» сәйкес келесі жұмыстар жоспарланды:

- Оңтүстік-Шығыс Сазтөбе ұңғымасын УЭЦН-ге ауыстыру – 46.

- Оңтүстік Қаратөбе ұңғымасында ПВР, ГРП өткізу және УЭЦН-ға кері түсу - 102 және 104.

- Оңтүстік Қаратөбе ұңғымасында ПВР, ГРП өткізу және ШГН-нан УЭЦН-ға ауыстыру - 50.

- Лақтыбай ұңғымасында апаттарды жою және IV көкжиекке ауыстыру – 41.

- Лақтыбай ұңғымасында СКО өткізу және УЭЦН түсіру – 40 және 34.

- Оңтүстік Қаратөбе ұңғымасында СКО өткізу және ШГН-нан УЭЦН-ға ауыстыру – 108.

- Тыныштық ұңғымасын игеру және әрекетсіздіктен іске қосу – 1.

- Оңтүстік Қаратөбе қыздыру ұңғымасында СКО өткізу – 55, 65 және 103.

Жоғарыда аталған жұмыстардан қараша айының соңында орындалғандар:

- Тыныштық ұңғымасы –1 әрекетсіздіктен іске қосылды 07.05.2017 жыл. Сол ұңғыма бойынша мұнайды қосымша өндіру 01.12.2017 жылдың жағдайына 2373 тоннаны құрады.

- Лақтыбай ұңғымасында – 41 апат жойылды және 05.06.2017 жылы IV көкжиек пайдалануға енгізілді. Сол ұңғыма бойынша мұнайды қосымша өндіру 01.12.2017 жылдың жағдайына 14613 тоннаны құрады.

- Оңтүстік-Шығыс Сазтөбе ұңғымасы – 46 УЭЦН-ға ауыстырылды 11.07.2017 жыл. Сол ұңғыма бойынша мұнайды қосымша өндіру 01.12.2017 жылдың жағдайына 1534 тоннаны құрады.

- Оңтүстік Қаратөбе ұңғымасында СКО өткізілді және ШГН-нан УЭЦН-ға ауыстырлды – 108. Ұңғыма пайдалануға 14.10.2017 жылы енгізілді. Сол ұңғыма бойынша мұнайды қосымша өндіру 01.12.2017 жылдың жағдайына 12 тоннаны құрады.

Өткізілген ГТМ қорытындысы бойынша жалпы мұнайды қосымша өндіру 01.12.2017 жылдың жағдайына 18532,0 тоннаны құрады.

- Оңтүстік Қаратөбе айдайтын ұңғымасында – 55, 65 және 103 СКО өткізілді. Өткізілген СКО нәтижесі бойынша №55 ұңғымада су айдау қысымын 290 атм нан 60 атм ға төмендету және су қабылдағыштықты 155,0 м3/сут - 196,0 м3/сут дейін көбейту, №65 ұңғымада - су айдау қысымын 220 атм нан 85 атм ға төмендету және су қабылдағыштықты 135,0 м3/сут - 194,0 м3/сут дейін көбейту, №103 ұңғымада су айдау қысымын 135 атм нан 0 атм ға төмендету және су қабылдағыштықты 142,0 м3/сут - 176,0 м3/сут дейін көбейту сәтті өтті.

«Казақтүрікмұнай» ЖШС 2016 жылға жетістіктері.

2014 жылы өткізілген 3Д сейсмикалық барлау жұмыстарының және Тыныштық-1 ұңғымасында өткізілген сынама нәтижесінде Ю-IX және Ю-XI продуктивті көкжиектер кендерінің фазалық жағдай қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының Шығыс Сазтөбе кен орны құрылымдық моделін өзгерту сол көкжиектердің сұйық газ қорының бөлігін мұнайға ауыстыру үшін негіз болды. 2016 жылы «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС институтымен «Маңғыстау облысының Шығыс Сазтөбе кен орнының УВ қорларын қайта бағалау, 02.01.2016ж. жағдайына)» есебі құрылды.

Бұл жұмыстарды жүргізу сол кен орны бойынша мұнайдың геологиялық қорлары 1265,0 мың тоннаға, мұнайдан алынатын қоры 369,0 мың тоннаға өсуін қамтамасыз етуді тудырды.

2013 және 2014 жылдары бұрғыланған №41, №43 ұңғымаларда IV көкжиектен мұнайдың өндірістік тармағы алынуына орай «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС институтымен «Ақтөбе облысының Лақтыбай кен орнының мұнай мен ерітілген газ қорларының өсімі, 01.09.2015ж. жағдайына» есебі құрылды.

Бұл ретте I-ші көкжиек бойынша мұнайдың геологиялық қорының өсімі 125,0 мың т., II-ші көкжиек – 1360,0 мың т., IV-ші көкжиек – 3545,0 мың тоннаны құрады, мұнайдың өндірілетін қор өсімі I-ші көкжиек бойынша – 39,0 мың т., II-ші көкжиек – 428,0 мың т., IV-ші көкжиек – 354,0 мың тоннаны құрады.

Лақтыбай кен орнының геологиялық қорының жалпы өсімі 5030,0 мың тонна, соның ішінде өндірілетін қорлар – 821,0 мың тонна. Есеп ҚР ГКЗ-да 29.02.2016 жылғы №1649-16-У хаттамасымен қарастырылды, қайта есептелінген қорлар бекітілді.

Мұнай өндіруді тұрақтандыру және ұлғайту мақсатында 2016 жылы «Қазақтүрікмұнай» ЖШС геолог-техникалық іс-шараларды табысты іске асырды, олар 2015 жылдың өндіру деңгейімен салыстырғанда мұнай өндіруді 21%-ға ұлғайтуға мүмкіндік тудырды.

Геолог-техникалық іс-шаралардан оң әсер 2017 жылы да сақталғанын белгілеу қажет, бұл жинақтағанда басқа геолог-техникалық іс-шаралармен 2017 жылы мұнай өндірісін 2016 жылы өндіру деңгейімен салыстырғанда 21%-дан кем емес өсіруге мүмкіндік береді.

ПАРЫЗ-2011

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС 2011 жылы орта және шағын кәсіпкерлік субъектілер арасында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша «ПАРЫЗ-2011» жүлдесінің иегері болды. «Парыз» конкурсы 2008 жылдан бастап өткізілуде, үш жыл ішінде оған еліміздің 1600 кәсіпорындары қатысты, лауреат атағына бизнес-құрылымның 109 өкілдері лайықты болды. 2011 жылы сайыстың наградаларына 610 астам кәсіпорын үміттенді.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілік принциптерін сақтауда, бұл мәселе әрқашан назарда. Компания жыл сайын қайырымдылық және демеушілік негізде Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының меншігіндегі түрлі нысандағы кәсіпорындарға әлеуметтік мәселелерді шешу, әлеуметтік саланы дамыту үшін қаржылай көмек көрсетеді. Кәсіпорынмен сол өңірдің әкімшіліктерімен ынтымақтастық нығайған, серіктестік туралы келісімге қол қойылған. Қиын жағдайларда компания шетте қалмайды, жергілікті халыққа көмек қолын созып, жыл сайын орташа 7-8 млн теңге қаржы бөледі, бұл мейірімді дәстүрге айналды.