АҚТӨБЕДЕ МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫ МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

27 тамызда Ақтөбеде Қазақстан мұнайының 125 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мереке барысында саланың дамуына елеулі үлес қосқан өңірдің мұнай өндіруші кәсіпорындарының қызметкерлері марапатталды.

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобына қарасты «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Өріктау Оперейтинг» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС және «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының қызметкерлеріне мерейтойлық төсбелгілер, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

Еңбегі еленген мамандарды құттықтауға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов, энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, сала ардагерлері мен басқа да сыйлы қонақтар келді.

Асхат Хасенов құттықтау сөзінде мұнайшыларға жанқиярлық еңбегі мен мамандығына деген адалдығы үшін алғыс білдіріп, 125 жыл ішінде мұнай саласы Қазақстанның экономикалық дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.

«125 жыл ішінде Қазақстанның мұнай-газ саласы еліміздің экономикалық дамуының қозғаушы күшіне айналды. Осы жылдар ішінде сала түрлі кезеңдерден өтті. Сіздер ерен еңбек пен қажыр-қайраттың арқасында елдің энергетикалық әлеуетін дамытуға ғана емес, өңірдің әл-ауқатын жақсартуға ықпал еттіңіздер. Ортақ міндеттеріміздің бірі – Қазақстанның жарқын болашағына қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін», - деді «ҚазМұнайГаз» басшысы Асхат Хасенов.

Өңірдегі мұнай-газ компаниялары инфрақұрылымды жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті халықты қолдауға бағытталған әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды жиі іске асырады. Осылайша олар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді. Бұл бастамалар аймақтағы өмір сапасын жақсартуға және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.

Тізімге оралу