ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАНЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

2024 жылдың сәуір айында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС «Қорғау» қауіпсіздік карталары жүйесінің талаптарын орындау бойынша үздік қызметкер болып №2 МГӨЦ-тің БӨА мен А слесары Мақсат Төлесінов танылды.

Мақсат Төлесінов кен орнындағы жұмыстарды орындау барысында мердігер ұйымның қызметкері биіктікте сақтандыру белдеуінсіз жұмыстар жүргізіп жатқанын байқап қалды. Мақсат оған ЖҚҚ пайдалану арқылы жұмысты жүзеге асыру қажеттігі туралы бірден ескерту жасап, жұмысты тоқтатты. Бұдан басқа, осы бұзушылық бойынша «Қорғау» қауіпсіздік картасы толтырылды. Осылайша, ол қауіпті жұмыс процесіне араласып, ықтимал төтенше жағдайдың алдын алды.

«Қорғау» карталарының қауіпсіздік жүйесіне белсенді қатысқаны үшін №2 МГӨЦ-тің БӨА мен А слесары Мақсат Төлесіновке «Қорғау» картасының сертификаты мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Тізімге оралу