ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ КІРІСТЕР МЕН МҮЛІК ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫ ТАПСЫРУ ТӘРТІБІ МЕН РӘСІМІН ТҮСІНДІРДІ

2024 жылғы 29 сәуірде Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру тәртібі мен рәсімін түсіндіру үшін (270.00-нысан), "Қазақтүрікмұнай" ЖШС ғимаратында серіктестіктің бас директоры мен комплаенс-офицерінің шақыруымен серіктестік қызметкерлерімен оқыту кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында серіктестік қызметкерлері Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлеріне сұрақтармен жүгіну және нақты уақыт режимінде 270 нысанды декларация тапсыру мүмкіндігін іске асырды.

Серіктестік қызметкерлері мен олардың жұбайлары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне 2023 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) ұсыну жолымен кірді.

Серіктестік ұжымы Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлеріне оқу кездесуін өткізгені үшін үлкен алғысын білдіреді.

Тізімге оралу