«ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінде Бас директор жоғарғы кәсіби біліктілігі мен экология саласын дамытуға қосқан үлесі үшін кәсіпорнымыздың ӨК, Е және ҚОҚ бөлімінің қызметкерлері ҚОҚ жөніндегі жетекші инженер Сертай Амангелдіұлы Достанов пен ҚОҚ жөніндегі инженер Артур Русланұлы Гатаулинге ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі атынан «Экология саласының үздігі» төсбелгілерін салтанатты түрде табыс етті.

Компания тарапынан қоршаған ортаны қорғау саласында жасалған жұмыстар:

2023 жылдан бастап осы кезеңге дейінгі аралықта ҚТМ-ның өндіріс нысандарында ауаға және жерге зиянды қалдықтар төгу және апаттық оқиғалар тіркелген жоқ.

Қоршаған ортаға бөлінген эмиссия 2023 және 2024 жылдар үшін алынған экологиялық рұқсаттар шегі аясында жүзеге асырылды.

Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының Экология департаменттері тарапынан бекітілген табиғатты қорғау жөніндегі іс-шаралар 100 пайыз көлемінде орындалды.

Кәсіпорынның жұмыскерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қаланы санитарлық тазалау, көгалдандыру жұмыстарына белсенді түрде қатысты.

Биыл вахта поселкелерінде 1000 түп көшет отырғызылды, күзде тағы да жас көшеттер егу жоспарлануда.

Тізімге оралу