Әлеуметтік жауапкершілік – компания дамуының стратегиялық бағыттарының бірі.
Әлеуметтік жауапкершілік ҚТМ дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Компания әлеуметтік-еңбек қатынастарына, біліктілікті арттыру, кадрды қайта даярлау және еңбекті қорғау және қауіпсіздік техника мәселелеріне ерекше назар аударады.
Жыл сайын компания тарапынан біліктілікті арттыруға және жұмыскерлерді қайта даярлауға қомақты қаржы бөлінеді.
ҚТМ өз қаражаты есебінен вахта әдісімен жұмыс істейтін жұмыскерлерін төмендегілермен қамтамасыз етеді:
· ұсынылған тамақтану номаларына сәйкес, тамақпен;
· жиналу пунктінен кен орнына дейін апару және кері қарай әкелу;
· мамандық ерекшеліктеріне қарай арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа жеке қорғаныс құралдарымен;
· жуу және дезинфекциялау құралдарымен.
Жұмыскерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту.
КТМ кен орындарында жұмыскерлерді нормативтік талаптарға сәйкес келетін тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету үшін абаттандырылған вахталық кенттер бар. Оңтүстік Қаратөбе және Лактыбай кен орындарында заманауи стандарттарға сәйкес келетін және барлық қажетті заттармен және атрибуттармен, соның ішінде асхана, спорт залдары және алаңдармен жабдықталған жаңа вахталық қалашықтар салынды.
Нәтижесінде жұмысшылар жұмыстан бос уақыттарын тиімді өткізіп, денсаулығын нығайта алады.
Компания жыл сайын әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді ағымдағы жөндеу, салу бойынша жұмыстарды орындайды. Вахталық кенттерде, серіктестіктің кен орындарында тұру жағдайларын жақсарту бойынша 5 жылдық іс-шаралар жоспары жасалды.
2024 жылы С. Ш. Сазтөбе кен орнындағы вахта кентінде ашық футбол және workout алаңдары салынды.
Б.Елемес кен орнында 2 медициналық пункт-вагоны, 2 тұрғын-жай вагоны және С. Ш. Сазтөбе кен орнында 4 тұрғын-жай вагонының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аумақтары абаттандырылды.
2025 жылы Б. Елемес кен орны вахталық кентінің ҰКЖ блогында жөндеу жұмыстарын жүргізу, О. Қаратөбе және Лақтыбай вахталық кенттерінде ғимараттардың суағар жүйелерін монтаждау жұмыстары жоспарланып отыр.
Үнемделген қаражат есебінен Б. Елемес және Опорная МТБ вахта кенттерінде жабық спорт залдарын салу жоспарлануда.
Серіктестіктің кен орындарында вахталық кенттерде тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі 5 жылдық іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде 2025 жылы жалпы сомасы 110 млн. теңгеге тұрмыстық жабдықтар мен жиһаздар, сондай-ақ ванна бөлмелері бар душ пен кір жуатын вагондар сатып алу жоспарлануда.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға қатысу.
Келісімшарттардың талаптарына сәйкес, келісімшарт қолданыста болған мерзімнің ішінде жер қойнауын пайдаланушы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға көмірсутектерді өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша инвестициялардың бір пайызы мөлшерінде жыл сайын жергілікті атқарушы органның бюджетіне аударымдар жүргізеді.
Бұдан басқа, компания 2023 жылғы 13 маусымда Ақтөбе облысының әкімдігімен жасалған Меморандумға сәйкес, 10 жыл ішінде жыл сайын Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын 100 миллион теңге мөлшерінде қосымша қаржыландыруды жүргізеді.
Сондай-ақ, Жер қойнауы туралы Заңның 76-бабы, 1-тармағы, 12-1) тармақшасына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық өткен жылдың қорытындысы бойынша жылдық жиынтық табыстың кемінде бір пайызы мөлшерінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілер көрсететін ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жыл сайын қаржыландыруды жүзеге асыруға міндеттенеді.
«Қазақтүрікмұнай» ЖШС 2024 жылы жоғарғы оқу орнында оқитын 39 студенттің оқу қаржысын төлеуге қаржылай қолдау көрсетті.
«Жер қойнаулары және жер қойнауларын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 129-бабының 1-тармағына және ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің 17.05.2018 жылғы № 211, ҚР Энергетика министрлігінің 15.05.2018 жылғы № 185 бұйрықтарымен бекітілген «Жер қойнауын пайдаланушы тарапынан көмірсутегі және (немесе) уран өндіру кезеңінде өткен жылдың қорытындылары бойынша өндіру үшін жұмсалған шығындардың бір пайызы мөлшерінде қазақстандық мамандарды даярлауды қаржыландыру ережелерінің» 6-тармағының 3- тармақшасы және 9-тармағына сәйкес, Серіктестік 2024 жылы Ақтөбе облысында әлеуметтік түрғыдан әлсіз топқа жататын отбасылардан шыққан 39 шәкірттің оқу ақысын төлеп берді.
2024 жылы аталған студенттерді оқуын қаржыландыру үшін Серіктестік 38 млн. теңге қаржы бөлді.