Ұжымдық шарт

Әлеуметтік жауапкершілік ҚТМ дамуының стратегиялық бағытының бірі болып табылады. Ерекше назар әлеуметтік-еңбек қатынастарына, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техника мәселелеріне аударылады.

2007 жылдың соңында алғашқы рет «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Жұмыс берушісі мен Жұмыскерлердің арасында қаржы, әкімшілік және әлеуметтік жауапкершіліктерін қарастыратын Ұжымдық шартқа қол қойылды. Ұжымдық шартқа сәйкес:

- персоналды материалдық қолдау және еңбектерін марапаттау мақсатында мейрамдарға сыйақы төленеді: «Мұнайгаз кешені қызметкерлерінің күні», «Наурыз мейрамы» және «Тәуелсіздік күні»;

- персоналды материалдық қолдау мақсатында кезекті төленетін еңбек демалысына шыққанда қосымша Жұмыс беруші материалдық көмек төлемін жүргізеді;

- қызметкердің отбасын материалдық қолдау мақсатында компания қызметкердің немесе отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болуына орай әлеуметтік жәрдемақы төлейді.

ҚТМ өз қаражыты есебінен ұсынылған тамақтану нормаларына сәйкес кен орындарында жұмыскерлердің тамақтануын ұйымдастырады.

ҚТМ есебінен жұмыскерлерді жинау пунктінен кен орнына дейін және кері қарай жеткізуді қамтамасыз етеді.

ҚТМ барлық қызметкерлері мамандыққа орай арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа жеке қорғаныс құралдарымен, жуу және дезинфекциялау құралдарымен қамтылған.

ҚТМ кен орындарында жұмыскерлер үшін барлық тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларымен вахта қалашықтары бар.

2015 жылы«Қазақтүрікмұнай» ЖШС қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету ережесі» бекітілді.

Тараптардың ешқайсысы жаңа ұжымдық шартқа қол қою туралы ұсыныс бермегені үшін, қолданыстағы ұжымдық шарт автоматты түрде 2025 жылға ұзартылды.

Компания науқастану жағдайына қарсы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін ерікті медициналық сақтандыру шартына қол қойды, оның талаптарына сәйкес медициналық карточка арқылы қызметкер мен оның отбасы мүшелері үздік өңірлік клиникаларда медициналық, стоматологиялық қызметтерды пайдаланып, дәрі-дәрмектерді ала алады.